Академия профессоры цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мәселелері бойынша халықаралық форумда Қазақстан атынан қатысты

16–18 қыркүйек аралығында Уфа қаласында «Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғылымы мен біліміндегі заманауи тенденциялар» атты халықаралық форум өтті. Іс-шараға ТМД елдері мен алыс шетелден ғалымдар, сарапшылар және жас зерттеушілер қатысты.

Форумда Қазақстанның заң ғылымын Құқық қорғау органдары академиясының Инновациялық даму орталығының бастығы Қ.Қ. Сейтенов таныстырды. Пленарлық отырыста ол «Цифрлық із – қазіргі үлкен деректер дәуірінің белгісі» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

Сапар аясында Қ.Қ. Сейтенов Уфа ғылым және технологиялар университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушыларына «Заң мен тәртіп конституциялық қағидат ретінде: доктринадан құқық қорғау қызметінің практикасына дейін» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.

Сонымен қатар Академия мен Уфа Ғылым және технологиялар университеті арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар жасанды интеллект және киберқауіпсіздік салаларындағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Оның ішінде қылмыстарды тергеп-тексеруге арналған технологияларды әзірлеу, сот сараптамалық қызметінде жасанды интеллектіні қолдануды құқықтық реттеу және академиялық ұтқырлық мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ құқық қорғау қызметіндегі инновациялық технологиялар жөніндегі халықаралық конференция, OSINT мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізуге, криптовалюталарды қолданатын қылмыстарды тергеу және киберқауіпсіздік туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Академияның форумға қатысуы Қазақстанның заң ғылымын халықаралық деңгейде таныстыруға, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен құқық қорғау қызметі саласындағы шетелдік ғылыми-білім беру ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік берді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz