Құқық қорғау органдары академиясында жас зерттеушілер заң ғылымының өзекті мәселелерін, қазіргі ғылыми сын-қатерлерді және кәсіби өзара іс-қимыл перспективаларын талқылау үшін бірікті.
Кездесу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Жас ғалымдар кеңестерінің дөңгелек үстелі форматында өтті.
Іс-шараға Жас ғалымдар кеңестерінің, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарының өкілдері, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Алмас Гаухар қатысты.
Қатысушылар жас зерттеушілердің алдында тұрған қазіргі сын-қатерлерді, ведомствоаралық және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалы бағыттарын, сондай-ақ ғылыми бастамаларды қолдау тетіктерін қарастырды.
Инновацияларды дамытудың практикалық аспектілеріне «Astana Hub» корпоративтік қоры Бас директорының кеңесшісі Әлия Сембаева «Экономика талантов: от таланта до единорога» тақырыбындағы баяндамасын арнады. Сонымен қатар гранттық қолдау және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру мүмкіндіктері талқыланды.
Жас зерттеушілердің кәсіби және ғылыми дамуына да ерекше назар аударылды. «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Еркінбаев «Болашақ» бағдарламасы мен ғылыми тағылымдамалардың мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Ғылым комитетіне, ғылыми ұйымдарға және Жас ғалымдар кеңестеріне арналған ұсыныстар мен ұсынымдар қамтылған қорытынды қарар қабылданды.
Кездесу кәсіби байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми әлеуетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz




