2026 жылғы 15 қыркүйекте Құқық қорғау органдары академиясында EU ACT Еуропалық Одақтың ұйымдасқан қылмыс пен терроризмге қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдары жобасының өкілдерімен кездесу өтті.
Тараптар Академияның жобаның 2027 жылға арналған іс-шаралар жоспарына енгізу үшінұсынған бастамаларын талқылады. Негізгі назар трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында мамандар даярлауға аударылды.
Академия Орталық Азия елдері үшін жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хабретінде қатысу мүмкіндіктерін таныстырды. Өңір мемлекеттерінің мамандары мен халықаралық сарапшыларды тарта отырып, практикалық ведомствоаралық оқыту өткізу ұсынылды.
Басым бағыттар қатарында қаржылық тергеп-тексеру, цифрлық дәлелдемелермен жұмыс, ашық дерек көздерді талдау және криптоактивтер мен жасалатын қылмыстық операцияларды анықтау айқындалды. Сондай-ақ біліктілікті арттыру бағдарламалары үшін тренерлер даярлау, оқу модульдері мен практикалық кейстер әзірлеу жоспарлануда.
Ғылыми-сараптамалық өзара іс-қимылды жаңа қылмыстық схемаларды зерделеу және құқық қорғау органдарына арналған практикалық ұсынымдар әзірлеу арқылы дамыту ұсынылды.
Академия бірлескен іс-шараларды әзірлеуге және оларды ұйымдастырушылық сүйемелдеуге қатысуға дайын. Оларды іске асырудың нақты форматтары мен мерзімдері EU ACT жобасының басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып айқындалады.



