Лудоманияның кәсіби тәуекелдері: Академия Агенттік қызметкерлеріне дәріс өткізді

Құмар ойынға әуестік тәуелділікке ұласқан кезде, оның салдары адамның жеке өмірімен ғана шектелмей, кәсіби қызметіне де кері әсер етуі мүмкін.

Академияның профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің қызметкерлеріне лудоманияның тәуекелдері және оның кәсіби қызметке әсері туралы дәріс өткізді. Кездесу «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Динара Амуртаева мен Асель Қарымсақова ойынға тәуелділіктің әлеуметтік-психологиялық және құқықтық аспектілерін, оның қалыптасу тетіктері мен адамға тигізетін деструктивті әсерін қарастырды.

Стратегиялық ведомстволар қызметкерлері үшін лудоманияға байланысты тәуекелдерге ерекше назар аударылды. Қатысушыларға құмар ойындардың салдарынан туындайтын қаржылық қиындықтар мен қарыз міндеттемелері қызметтік теріс пайдалануға, мүдделер қақтығысына және ақпараттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін екені түсіндірілді.

Дәріс барысында лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық шаралар, ерте профилактика мәселелері, ерікті түрде өзін-өзі шектеу мүмкіндіктері, сондай-ақ психологиялық және құқықтық көмек алудың қолжетімді тетіктері қарастырылды.

Осындай сабақтар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, олардың кәсіби қызметіне әсер етуі мүмкін факторлардың алдын алуға, сондай-ақ жауапкершілік пен қызметтік міндеттерді адал орындау қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz