ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D12301 «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Мырзабаев Нурланали Қошқарұлының «Кәмелетке толмағандар саудасын ашу мен тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ету» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады.

Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.

Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: қазақ тілі.

Диссертациялық кеңестің құрамы:

https://academy-gp.kz/?page_id=74&lang=ru

Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері: жоқ.

Ғылыми консультанттар:

— Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Бегалиев;

— Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Куаналиева

Ресми рецензенттер диссертацияны қорғауға қабылдағаннан бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалады.

Қорғау 2026 жылғы 16 қазанда сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94-құрылыс.

Сайт мекенжайы: http://academy-gp.kz/

Бейнеконференция түрінде қорғауға қосылу: https://us04web.zoom.us/j/77929437771?pwd=Pw4s9sC7QgJa5pbig3DqHBA3wayNbB.1

Құжаттар