Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қызметкерлер арасында командалық тимбилдинг өтті.
Төрт команда 10 тақырыптық станцияда бақ сынап, қатысушылар күш пен төзімділікті, ептілік пен дәлдікті, сондай-ақ жылдам шешім қабылдау және бірлесе жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.
Бағдарламада түрлі спорттық және шығармашылық сынақтар болды. Қатысушылар арқан тартысып, «Бомбардирлер» станциясында мергендіктерін сынады, «Тепе-теңдік» станциясында тапсырмалар орындап, ал қолөнер станциясында шығармашылық қабілеттерін танытты.
Әрбір сынақ команданың ұйымшылдығы мен өзара қолдауын талап етті. Сонымен қатар жарыстар еркін әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтті.
Ойындар аяқталғаннан кейін қызметкерлер таза ауада әңгімелесіп, алған әсерлерімен бөлісіп, ең есте қалған сәттерді талқылады.
Тимбилдинг әріптестерге бейресми жағдайда еркін қарым-қатынас жасауға, жұмыс ырғағынан бір сәт сергіп, уақытты бірге өткізуге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар ұжымдағы өзара түсіністік пен командалық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz










