Академия ректоры ТМД БПҮК аясында ғылыми ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамаларды ұсынды

Мәскеу қаласында ТМД-ға қатысушы, ТМД БПҮК құрамына кіретін мемлекеттердің бас прокуратураларының ғылыми және оқу мекемелері басшыларының кездесуі өтті. Іс-шараға гибридті форматта Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров қатысты.

Кездесуге Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысып, ведомстволық ғылым мен білім беруді дамыту, бірлескен зерттеулер жүргізу, сондай-ақ прокурорлық қызметті ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелерін талқылады.

Өз сөзінде Нұрғалым Әбдіров Академияның трансформациялау тәжірибесін таныстырып, оның құқық қорғау қызметіндегі тәуекелдерді алдын ала талдауға және инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталғанын атап өтті.

Академияның «Зерттеуші» ақпараттық жүйесі мен «ӘдісPRO» платформасына ерекше назар аударылды. Аталған цифрлық құралдар ғылыми зерттеулер мен әдістемелік материалдарды жүйелеуге мүмкіндік береді.

Ректор сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе прокуратуралары жанындағы «ProLab» зертханаларын, сондай-ақ прокуратураның аумақтық бөлімшелеріндегі оқу-практикалық кабинеттерді қамтитын ғылыми-практикалық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары туралы айтып өтті.

Академияның бастамаларының бірі — ТМД БПҮК-тің бірыңғай электрондық ресурсын құруды ұсыну. Аталған ресурс ғылыми зерттеулер, ғылыми еңбектер мен әзірлемелер туралы ақпарат алмасуға, сондай-ақ бейінді мекемелердің ғалымдары мен сарапшыларының бірыңғай тізілімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz