Лудоманияға қарсы іс-қимыл: мемлекеттік қызметшілер арасында профилактикалық жұмыс

2026 жылғы 27 тамызда Құқық қорғау органдары академиясы Денсаулық сақтау министрлігі, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қызметкерлері үшін профилактикалық семинар өткізді.

Іс-шара 2025–2030 жылдарға арналған қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Онлайн және офлайн форматтарда өткен семинарға Қазақстанның 15 өңірінен 82 қызметкер қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы — «Лудомания мемлекеттік қызметшінің кәсіби сенімділігіне төнетін қауіп ретінде». Қатысушыларға ойынға тәуелділіктің негізгі себептері мен қауіптері, оның жеке және кәсіби өмірге әсері, сондай-ақ әлеуметтік және еңбек ортасына ықтимал салдары түсіндірілді.

Тәуелділіктің қалыптасу белгілерін анықтау және оны ерте кезеңде алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер үшін маңызды қаржылық тәртіп, құқықтық сауаттылық және жеке жауапкершілік мәселелері қаралды.

Профилактикалық жұмыс барысында лудоманияға тиімді қарсы іс-қимыл кешенді тәсілді және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын талап ететіні атап өтілді.

Іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапты мінез-құлық пен заң талаптарын сақтау қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz