Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D04201 «Құқықтану» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Саида Жумакадрдің «Бағалы металдар мен бағалы тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеп-тексерудің теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Жалпы заң пәндері кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Диссертациялық кеңестің құрамы:
https://academy-gp.kz/?page_id=5891&lang=kk
Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері:
— Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының заңнаманың тиімділігі мәселелері жөніндегі талдамалық жұмыс бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б. Кайжакпарова.
Ғылыми кеңесшілер:
— Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Бегалиев;
— Нью-Йорк қалалық университетінің Джон Джей қылмыстық құқық колледжі Қылмыстық құқық және полиция ғылымдары факультетінің профессоры, философия докторы (PhD) С.И. Шелухин.
Ресми рецензенттер:
— Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару заңнамасы және сот сараптамасы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор С.М. Рахметов;
— Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Б.Р. Сембекова.
Қорғау 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94- құрылыс.
Сайт: http://academy-gp.kz/
Бейнеконференция түрінде қорғауға қосылу: https://us05web.zoom.us/j/85048536688?pwd=Tye2gBzlC9dJcvNdSpT1Zea7IbM1hZ.1
Құжаттар