Құрметті кандидаттар!

2026 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсушілер үшін мамандық бойынша түсу емтиханы өткізіледі.

Магистратураға түсушілер үшін: өткізу уақыты –сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.

Докторантураға түсушілер үшін: өткізу уақыты –сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін.

Өткізу орны: «Open Academy» цифрлық жүйесі
talapker.prokuror.gov.kz

Түсу емтиханы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 85 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсу емтиханын өткізу регламентіне сәйкес өткізіледі (https://share.google/g0CbKcWeMGyvY8LHH).

Кандидаттардан Регламентпен алдын ала танысып, емтиханды белгіленген уақытта тапсыруға дайын болуды сұраймыз.