Құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында біліктілікті арттыру

2026 жылғы 10-14 тамыз аралығында Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура органдары қызметкерлеріне арналған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға прокурорлық қадағалау және құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру аясындағы құқық қорғау органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

2025 жылғы 30 желтоқсанда «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заң қабылданып, құқық бұзушылықтардың алдын алудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға және профилактикалық шаралардың басымдығын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тәсілдер бекітілді.

Курс барысында заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалау, профилактика субъектілерінің қызметін үйлестіру және жаңа заңнама талаптарын тиімді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Оқыту интерактивті әдістерді, практикалық сабақтарды және нақты жағдайларды талдауды қамтыды. Бұл тыңдаушылардың құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz