Жасанды интеллект білім беруде: Академия мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жобаны іске қосады

2026 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ АҚ) өкілдерінің қатысуымен білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге Академия проректоры Р.Б. Әлкенев, кафедра меңгерушілері, Кәсіби оқыту институтының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді дамыту басқармасының қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлау жүйесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, профессорлық-оқытушылар құрамына оқу материалдарын, практикалық кейстер мен сабақ тапсырмаларын әзірлеуге қолдау көрсететін жасанды интеллект агентін білім беру процесіне енгізу жоспарланып отыр. Бұл шешім оқу материалдарын дайындау процесін автоматтандыруға, олардың сапасын арттыруға және оқыту нәтижелерін жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Академияның білім беру қызметіне жасанды интеллект агенттерін енгізу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Жобаның пилоттық кезеңін таяу уақытта іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бастама құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлау жүйесін цифрлық трансформациялау бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz