Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы аясында «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік» бағыты бойынша шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатыса алады.

Тағылымдама жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтарда және салалық ұйымдарда ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

Хабарландыруға қоса беріледі:

— Презентация

— Басым бағыттар мен ұсынылатын ұйымдардың тізбесі

Жүктеу

Талаптар, құжаттар және қаржыландыру шарттары туралы толығырақ сілтеме бойынша танысуға болады: https://bolashak.gov.kz/ru/pretendentu-po-ns