2026 жылғы 25 маусымда Ведомстволық білім сапасын арттыру жылы аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды тергеп-тексеру» тақырыбындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы өтті.
Ғылыми зерттеу ұлттық заңнаманы, құқық қолдану тәжірибесін кешенді талдау, сондай-ақ ҰҰА қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды тергеп-тексерудің озық шетелдік тәжірибесін зерделеу негізінде жүргізілді.
Зерттеу барысында ұшқышсыз технологиялардың дамуындағы заманауи үрдістер, оларды заңсыз пайдалану тәсілдері, қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мен тергеп-тексерудің ерекшеліктері қарастырылды.
Зерттеу нәтижелері бойынша прокурорлардың, тергеушілердің, анықтаушылардың және жедел қызметкерлердің кәсіби қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар мен практикалық әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
