Құқық қорғау органдары академиясында Әскери және арнаулы оқу орындары қауымдастығының отырысы өтті

2026 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Академия ректоры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен ведомстволық білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған Әскери және арнаулы оқу орындары қауымдастығының отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасының жетекші әскери және арнаулы жоғары оқу орындарының өкілдері, оның ішінде ҚР ҰҚК Академиясы, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті, ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында ведомстволық білім беруді дамыту жөніндегі Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы қаралып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құқықтық актілері жобалары бойынша бірыңғай ұсыныстар әзірленді.

Қатысушылар Ғылыми-әдістемелік кеңесті Құқық қорғау органдары академиясы жанындағы Ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі ведомствоаралық кеңеске қайта құру мәселелерін, сондай-ақ оның әскери және арнаулы жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады.

Педагогикалық кадрлардың білімі мен біліктілігінің академиялық сәйкестігінің бірыңғай анықтамалығын құру бастамасына ерекше назар аударылды. Аталған құралдың біліктілікті бағалау тәсілдерін біріздендіру және кадрлық әлеуеттің сапасын арттыру үшін маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту, ғылыми-білім беру интеграциясын дамыту және ведомстволық білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажеттігі атап өтілді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz