Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Прокуратура органдарындағы киберқауіпсіздік: құқықтық негіздер және ұйымдастырушылық шешімдер» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Оқудан ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ведомстволық ақпараттық ресурстарды қорғауға жауапты прокуратура органдарының қызметкерлері өтті.
Курс барысында киберқауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық реттеудің өзекті мәселелері, ақпараттық жүйелерді қорғауды ұйымдастыру, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, киберқауіптерді басқару және ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қою мәселелері қарастырылды.
Оқытудың практикалық құрамдас бөлігіне ерекше назар аударылды. Тыңдаушылар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында және Кибершабуылдарды талдау және тергеп-тексеру орталығында көшпелі сабақтарға қатысып, ақпараттық ресурстарды қорғаудың заманауи тәсілдерімен, бейінді бөлімшелердің қызметімен және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл тәжірибесімен танысты.
Курс аясында қатысушылар киберқауіптердің дамуындағы заманауи үрдістерді, ақпараттық жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің алдын алу және олардың салдарын барынша азайту тетіктерін зерделеді.
Алынған білім мен практикалық дағдылар прокуратура органдарының ақпараттық ресурстарын қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға және жалпы ведомствоның ақпараттық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Оқу қорытындысы бойынша курс тыңдаушыларына біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz




