Құқық қорғау органдары академиясында адам саудасына қатысты онлайн тергеп-тексерулер бойынша ЕҚЫҰ тренингі өтуде

17–18 маусым күндері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ЕҚЫҰ Хатшылығы мен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен адам саудасына қатысты проактивті онлайн тергеп-тексерулер бойынша жаттықтырушыларға арналған ұлттық тренинг өтуде.

Оқыту цифрлық технологияларды пайдалана отырып жасалатын адам саудасына байланысты қылмыстарды анықтау және тергеп-тексеру бойынша практикалық дағдыларды дамытуға, сондай-ақ халықаралық озық тәжірибені одан әрі тарату үшін ұлттық жаттықтырушыларды даярлауға бағытталған.

Тренинг барысында қатысушылар онлайн ортадағы қанау белгілерін анықтау әдістерін, OSINT құралдарын және цифрлық криминалистика негіздерін меңгеруде.

Практикаға бағдарланған оқыту Академия қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. 2019 жылдан бері ЕҚЫҰ-мен бірлесіп адам саудасы мен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеті симуляциялық тренинг өткізілді.

Іс-шара аясында Академия ректоры Нұрғалым Әбдіровтың ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі әрі үйлестірушісі доктор Кари Джонстон және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Алексей Рогов бастаған ЕҚЫҰ делегациясымен кездесуі өтті.

Тараптар кадрларды даярлау, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, Академияның киберполигонының мүмкіндіктерін пайдалану және өңірлік тәжірибе алмасуды кеңейту салаларындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz