«ProLab» – ғылым мен практиканы ұштастыратын жаңа алаң Шымкентте іске қосылды

Шымкент қаласы прокуратурасында Оқу-практикалық кабинет пен «ProLab» өңірлік базалық зертханасының ашылу рәсімі өтті.

Жоба құқық қорғау органдарының ведомстволық білім беру сапасын арттыру аясында жүзеге асырылып, ғылым мен практиканың өзара байланысын нығайтуға бағытталған.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Н. Әбдіров және Шымкент қаласы прокурорының міндетін атқарушы Ж. Нұрғали қатысты.

«ProLab» құқық қорғау қызметін ғылыми тұрғыдан зерттеуге, қолданбалы зерттеулер жүргізуге және тәжірибелік ұсынымдар әзірлеуге арналған алаң ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, ол прокуратура қызметкерлері, ғалымдар, сарапшылар, магистранттар мен докторанттардың бірлескен ғылыми-практикалық платформасына айналады.

Ашылу күні-ақ алғашқы жұмыс басталып, «Түрлі-түсті маршрут» жобасының нәтижелері талқыланды. Бұл жоба кәмелетке толмағандар арасындағы суицид пен құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар құқықтық ағарту бойынша оқу құралы таныстырылды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz