Құқық қорғау органдары академиясында ведомстволық білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланды

🎙️ 2026 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері ведомстволық білім беру сапасын арттыру мәселелеріне арналған «Кәуіпсіз қоғам» подкастына қатысты.

👥 Подкастқа Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Сәуле Сапаралиева, Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Мулдир Тулеуова және Кәсіби оқыту институтының аға прокуроры Ұлданай Дәурен қатысты.

📚 Талқылау барысында ведомстволық білім беруді дамытудың заманауи үрдістері, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының міндеттері қаралды. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінді.

💡 Қатысушылар білім беру бағдарламаларын жетілдіру, оқытудың заманауи технологияларын енгізу, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және білім мен практика арасындағы байланысты нығайту қажеттігін атап өтті.

🤝 Мұндай сараптамалық алаңдар ведомстволық білім беруді одан әрі дамыту және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлау сапасын арттыру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді.