Экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Академияда дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 29 мамырда Құқық қорғау органдары академиясының базасында «Қазіргі кезеңдегі экстремизмге қарсы іс-қимылдың басым бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың, сараптамалық қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Талқылау барысында экстремизмнің заманауи үрдістері, деструктивті діни ағымдарға, ұлттық экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану арқылы заңсыз контенттің таралуының алдын алу шаралары қарастырылды.

Құқық қолдану практикасы, сөз бостандығы мен экстремизмді насихаттаудың ара-жігін ажырату, сондай-ақ профилактика жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша экстремизмге қарсы іс-қимыл жүйесін одан әрі дамытудың перспективалық бағыттары айқындалды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz