ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D12302 — «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Самал Омарбековна Қасенованың «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзуды қылмыстық-процестік дәлелдеуді модельдеу» тақырыбында бейіні бойынша докторы дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады.

Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.

Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.kz/?page_id=5891&lang=kk

Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері:

— академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің Қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) С.Н. Бачурин.

Ғылыми кеңесшілер:

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор В.В. Хан;

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институт директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты А.А. Ешназаров.

Ресми рецензенттер:

— «Esil University» мекемесінің «Құқық» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Д.У. Балгимбеков;

— Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты С.Б. Жаркенова.

Қорғау 2026 жылғы 05 маусымда сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94-үй.

Сайт: http://academy-gp.kz/

Қорғауға бейнеконференция нысаны арқылы қосылу: https://us04web.zoom.us/j/76330081667?pwd=EwxwZVTx34eDwapRVNXdR6KxswWbUy.1