15 мамырда Құқық қорғау органдары академиясында 1 курс докторанттары үшін Қазақстан Қоғамдық даму институты қызметкері Камила Амуртаеваның «Қазақстандағы реформалар және қоғамдық сұраныстар» тақырыбында дәрісі өтті.
Дәріс барысында «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып жатқан заманауи саяси және институционалдық өзгерістер қарастырылды. Заң үстемдігі, қоғамдық сенім және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Қазақстан Қоғамдық даму институтының әлеуметтік зерттеулер жүргізу, қоғамдық пікірді талдау және мемлекеттік органдарға сараптамалық ұсынымдар әзірлеу бағытындағы қызметі таныстырылды.
КИОР-дың құқықтық реформалар мен қоғамдық сұраныстарға арналған талдамалық баяндамасы ұсынылып, мемлекеттік институттарға деген сенім, әділеттілік, қауіпсіздік және заң алдындағы теңдік мәселелері қамтылды.
Қорытынды бөлімде мемлекеттік институттардың ашықтығы мен қоғаммен тиімді диалог реформалардың табысты жүзеге асуының негізгі факторы екені атап өтілді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz

