Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D12302 — «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Самал Омарбековна Қасенованың «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзуды қылмыстық-процестік дәлелдеуді модельдеу» тақырыбында бейіні бойынша докторы дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.kz/?page_id=5891&lang=kk
Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері:
- академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің Қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) С.Н. Бачурин.
Ғылыми кеңесшілер:
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор В.В. Хан;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институт директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты А.А. Ешназаров.
Ресми рецензенттер диссертацияны қорғауға қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалады.
Қорғау 2026 жылғы 05 маусымда сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94-үй.
Сайт: http://academy-gp.kz/
Қорғауға бейнеконференция нысаны арқылы қосылу: https://us04web.zoom.us/j/76330081667?pwd=EwxwZVTx34eDwapRVNXdR6KxswWbUy.1
Құжаттар