Бас прокуратурада ғылыми зерттеу нәтижелерін таныстыру туралы

2026 жылғы 16 сәуірде ведомстволық білім беру және «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру жылы шеңберінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында «Қайталама қылмыстың детерминанттары және олардың алдын алу» қолданбалы ғылыми зерттеуінің тұсаукесері өтті.

Зерттеуді Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің тапсырысы бойынша жүргізді.

Зерттеуге ҚАЖК, ІІМ ӘПК қызметкерлері, ғалымдар, психологтар, әлеуметтанушылар, сондай-ақ адвокатура өкілдері тартылды.

Зерттеу статистикалық деректерді талдауға, құқық бұзушының жеке басын зерттеуге, сауалнама нәтижелеріне, сондай-ақ халықаралық қайта әлеуметтену тәжірибесіне негізделген. Қайталама қылмыстың алдын алу бойынша практикалық шаралар әзірленді.