Ақпарат берушілерді қорғау: Қазақстандағы ашықтыққа жол

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты озық халықаралық тәжірибелерді талдауды ескере отырып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғау мәселелеріне арналған зерттеуді аяқтады.

Қазақстан Республикасында тиісті жүйенің жекелеген элементтері қалыптасты, дегенмен құқықтық реттеудің үзіктілігі және құпиялылық кепілдіктерінің жеткіліксіз деңгейі оның тиімділігін шектеуді жалғастыруда.

Зерттеу нәтижелері бойынша келесі мақсаттарға бағытталған ұсыныстар кешені әзірленді:

  • ақпарат берушілерді қорғаудың құқықтық кепілдіктерін күшейту;
  • анонимділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цифрлық шешімдерді енгізу;
  • сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған тұлғаларды қолдаудың институционалдық тетіктерін әзірлеу.

Әзірлеушілердің бағалауынша, ұсынылған шараларды іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттырып, халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz