Астанада оқушылармен құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша кездесу өткізілді

2026 жылғы 13 ақпанда Астана қаласының Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету шеңберінде құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған 9-11 сынып оқушыларына арналған профилактикалық іс-шара өтті.

Кездесуге мектеп басшылығы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ВҒЗИ өкілдері — Н.К. Мырзабаев пен Д. К. Қайыржанова қатысты.

Спикерлер вандализм, бұзақылық, есірткі құралдарының заңсыз айналымы, сондай-ақ құқық бұзушылықтың жаңа түрлеріне, соның ішінде дропперлікке жауапкершілікке ерекше назар аудара отырып, әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндірді. Оқушыларға олардың құқықтарын қорғау   мен заңдылықты сақтаудың маңыздылығы туралы да ескертілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті және оқушылардың құқықтық тәртіп мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.