2026 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың теориясы мен практикасы» тақырыбында «Тұлғаға қарсы қол сұғушылықтарға қарсы іс-қимыл» пәні бойынша магистранттар үшін бинарлы дәріс сабағы өтті.
Сабақты академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының доценті, философия докторы (PhD), әділет аға кеңесшісі С.А. Августхан өткізді. Сабақ жұмысына сарапшы ретінде Атырау облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасы облыс прокурорының аға көмекшісі, әділет кеңесшісі, философия докторы (PhD) Н.Н. Сұлтанов қатысты.
Дәріс барысында қылмыстық құқық бұзушылық құрамының міндетті белгілерін талдау кезінде құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ қылмыстық әрекеттерді бағалау кезінде қылмыстық заңнама нормаларын қолдану ерекшеліктері қаралды.
Тақырып магистранттардың қызығушылығын тудырды. Пікірталас аясында білім алушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, кәсіби пікір білдірді, ал шақырылған сарапшы қарастырылып отырған аспектілердің практикалық маңыздылығын атап өтіп, толық жауаптар берді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


