Қосшы қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбында ашық диалог өтті. Кездесуге Академияның Қоғамдық құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі Артур Баймаханов қатысты. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау, жеке жауапкершілік және жастардың азаматтық санасын дамыту мәселелері талқыланды.
Өз сөзінде А. Баймаханов конституциялық нормалардың маңыздылығын, құқықты қсауаттылықты арттыруды және күнделікті өмірде заңдылық пен тәртіп принциптерін сақтаудың қажеттілігін атап өтті.
Талқылау ашық диалог форматында өтті және жастардың құқықтық санасын нығайтуға, «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттауға және мемлекетпен қоғам арасындағы конструктивті өзара әрекеттестікті дамытуға бағытталды

