Диссертациялық кеңестің отырысы егер оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
Ресми рецензенттердің және Диссертациялық кеңестің уақытша тағайындалған мүшелерінің Диссертациялық кеңес отырысына қатысуы міндетті болып табылады.
Диссертациялық кеңес мүшелері және ресми рецензенттер қорғауға бейнеконференция нысанында қатыса алады. Диссертациялық кеңестің мүшесі немесе ресми рецензент шетелде болған жағдайда оларға бейнеконференция нысанында қорғауға қатысуға рұқсат беріледі. Ресми рецензенттердің бірі дәлелді себеппен болмаған жағдайда, оның пікірін Ғылыми хатшы оқиды.
Егер диссертация қолданбалы сипатта болса, отырысқа практикалық саланың шақырылған мамандарының қатысуына жол беріледі.