Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің жас қызметкерлерін кәсіби даярлау курсы аяқталды. Бағдарлама прокуратураның кадрлық әлеуетін нығайтуға және қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін негізгі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту кәсіби, коммуникативтік, ақпараттық, жазбаша және салалық құзыреттіліктерді дамытуды қамтыды. Дәріс сабақтары практикалық тренингтермен және іскерлік ойындармен үйлестірілді, бұл тыңдаушыларға білімдерін бекітуге және құқықтық статистика саласындағы заңнаманы қолдануды меңгеруге мүмкіндік берді.
Курс жұмысына Академия оқытушылары мен Комитеттің практик мамандары қатысты, олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызметтік жағдайларды талдады. Жас қызметкерлер Комитеттің міндеттері мен қызметі туралы тұтас түсінік, құқықтық талдау, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу және ресми хат алмасу дағдыларын алды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz




