Ғылымның цифрлық дәуірі: технологиялар зерттеу процесін қалай өзгертуде

2025 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтында Ғылыми даму мектебінің «Ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемесі» курсы аясында сабақ өтті.

Кездесудің тақырыбы ғылыми-білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану болды. Дәрісті PhD докторы, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты кафедрасының аға оқытушысы Мұхтар Садықов жүргізді.

Қатысушылар ақпарат іздеуден және деректерді талдаудан бастап, нәтижелерді көрнекілендіруге және академиялық қарым-қатынасқа дейінгі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен олардың тиімділігін арттырудағы заманауи цифрлыққұралдардың рөлін талқылады. Жасанды интеллект, бұлттық қызметтер және бірлескен жұмыс платформалары зерттеушілерге жеке үлесі мен ғылыми әдебін сақтай отырып, уақытты үнемдеуге және ғылыми өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Бұл курс цифрлық сауаттылықты, сыни ойлауды және зерттеу мәселелерін шешуде технологияларды қолдану қабілетін дамытуға бағытталған. Ғылымның цифрлық өзгерісі жағдайында академиялық адалдық, деректерді басқару және зерттеушінің кәсіби мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.