2025 жылғы 6-7 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің жедел бөлімшелері қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті.
Бағдарлама азаматтарды жасырын ынтымақтастыққа тартудың психологиялық ерекшеліктерін, жанжалдарды басқару мен дағдарыс жағдайында келіссөздер жүргізуді, сондай-ақ цифрлық дәлелдемелерді жинау және талдау мәселелерін қамтыды.
Оқыту ҰҚК Академиясының сарапшы-психологтары қатысуымен өтті. Қатысушылар профайлинг, тиімді қарым-қатынас және жедел жұмыста цифрлық құралдарды қолданудың заманауи тәсілдерін меңгерді.
Тренинг ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту және үздік тәжірибелермен алмасу алаңына айналды.




