Бас әскери прокуратураның жас қызметкерлерін кәсіби даярлау

2025 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Бас әскери прокуратураның жас қызметкерлеріне арналған кәсіби даярлау курсы аяқталды.

Бір ай бойы тыңдаушылар жалпы салалық, коммуникативтік және кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған қарқынды оқудан өтті. Сабақты тәжірибелі профессорлық-оқытушылар құрамы мен прокуратура саласындағы мол тәжірибесі бар Бас әскери прокуратураның мамандары өткізді.

Бағдарлама шеңберінде ведомстволық нормативтік актілердің негізгі ережелері зерделеніп, іс жүргізу және өзге де қызметтік құжаттарды ресімдеу дағдылары жетілдірілді. Сонымен қатар  прокуратура тәжірибесінде қолданылатын заманауи ақпараттық ресурстар мен оларды тиімді пайдалану әдістері қарастырылды.

Курс жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең болып, олардың заңдылық, жауаптылық және жоғары құқықтық мәдениет қағидаттарына негізделген кешенді кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етті.

Алынған білім мен дағдылар қызметті жетілдірудің және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіндегі тиімділікті арттырудың берік іргетасы болмақ.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz