Прокуратурадағы заманауи технологиялар: Академия тыңдаушыларының практикалық көзқарасы

28-29 қазанда Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушылары Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетке барды.

Іс-шара танысу экскурсиясы түрінде өтті, оның барысында қатысушылар Комитеттің негізгі цифрлық платформаларының жұмысын зерделеді, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелеріне барды.  Ведомство қызметкерлері құқықтық статистиканы қалыптастыру қағидаттары, арнайы есептерді жүргізу және заманауи талдау құралдарын қолдану туралы айтып берді.

Құқық қолдану тәжірибесінің ашықтығын қамтамасыз етудегі және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырудағы цифрлық технологиялардың рөліне ерекше назар аударылдыТыңдаушыларға Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің, «Qamqor» сервисінің және нақты уақыт режимінде үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге мүмкіндік беретін аналитикалық платформалардың жұмысы көрсетілді.

Экскурсия тыңдаушылардың прокуратураның цифрлық мүмкіндіктері және құқық қорғау органдары жүйесіндегі деректерді басқарудың заманауи тәсілі туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етіп, «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыруға практикалық үлесқосты