2025 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіби дайындық тыңдаушылары арасында «Legal Minds» құқықтық олимпиадасы өтті.
Іс-шара құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, аналитикалық ойлауды дамытуға және прокуратура органдарындағы қызметке жауапкершілікпен қарауға бағытталған «Заң және тәртіп» идеологиясының практикалық іске асырылуы болды. Қатысушылар заңнаманы білетінін, құқықтық нормаларды ситуациялық тапсырмаларда қолдана алатынын және заңдық пікірталастарда өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай алатынын көрсетті.
Нәтижелерді бағалауды Академия қызметкерлері мен оқытушыларынан құралған қазылар алқасы қамтамасыз етті, бұл объективтілік пен бірыңғай критерийлерге кепілдік берді.
Командалық есепте Олимпиада жеңімпаздары:
1 орын – 5 взвод;
2 орын – 4 взвод;
3 орын – 3 взвод.
Жеке есепте:
1 орын – Әуез Мұхаммедәлі Әлімжанұлы;
2 орын – Молдабаев Нұрлыбек Нұрғазиұлы;
3 орын – Мұхатаев Әнуар Булатұлыалды.
Үздіктер сертификаттармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Құқықтық олимпиада практикаға бағдарланған оқытудың тиімділігін растап, білім, ғылым және құқық қолдану практикасының интеграциясын нығайтты. Сайыс нәтижелері корпоративтік рухты күшейтіп, тыңдаушыларды одан әрі кәсіби өсуге, заңдылықтың жоғары стандарттарын ұстануға және қоғамға қызмет етуге ынталандырды.





