Академия Малайзияда өткен халықаралық конференцияда ғылыми зерттеуін көрсетті

2025 жылғы 22-23 қазанда Малайзияның Утара университетінде (Кедах штаты) ILC2025 «Humanizing the Law: Bridging Ethics and Innovation in Developing a Sustainable Society»халықаралық құқықтық конференциясы өтті.  Іс-шараға 13 елден 113 ғалым қатысты.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының аға оқытушысы философия докторы (PhD) Мұхтар Садықов «Models of Using Artificial Intelligence Systems in Legal and Ethical Dimensions» атты онлайн баяндама жасады.  Зерттеу заң ғылымдарының докторы Дмитрий Воронковпен (РФ В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университеті,) бірлесіп жүргізілді.

Баяндамада жасанды интеллектіні құқықтық және этикалық реттеу модельдері, деректерді өңдеудің ашықтығы және автоматтандырылған шешімдер үшін жауапкершілікті бөлу мәселелері қарастырылды.  

Қатысушылар Академияның жасанды интеллекттің құқықтық аспектілері туралы халықаралық ғылыми диалогты дамытуға қосқан үлесін және Малайзияның Утара университетімен одан әрі ынтымақтастықтың болашағын атап өтті.