2025 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтында Ғылыми даму мектебінің «Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі»курсы аясында сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы ғылыми ізденіс нәтижелерін ұсыну формасы ретінде монографияны дайындау ерекшеліктері болды.
Заң ғылымдарының докторы, доцент, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институты Конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің басшысы Сабигүл Бекишева дәріс оқыды.
Сабақ барысында тыңдаушылар монографияны дайындаудың негізгі кезеңдерімен – идеяның пайда болуы мен ғылыми мәселені анықтаудан бастап, дайын еңбекті рәсімдеу, басып шығару және ілгерілетуге дейін толық танысты. Тақырыпты таңдау, ғылыми жаңалықты тұжырымдау, дәйексөздерге қойылатын талаптарды сақтау және жеке авторлық стильді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сабақ жас зерттеушілердің ғылыми еңбек жазудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға, заң ғылымында ғылыми зерттеулер жүргізуге жүйелі көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті.


