Көпшілік алдында сөз сөйлеу бен сенімділік: Академияда шешендік шеберлік байқауы өтті

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оныншы лектің алғашқы кәсіби дайындық курсының тыңдаушылары арасында шешендік шеберлік байқауы өтті.

Іс-шара оқу процесінің бір бөлігі және болашақ прокурорлардың көпшілік алдында сөйлеу, сенімділік және көшбасшылық қасиеттерін дамыту алаңы болды.  Байқау әр ағымда өткізіледі және қазіргі жағдайда заңды дәлелдеу және тиімді коммуникация дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Байқаудың өткізілуі Мемлекет Басшысының қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыруды көрсетеді.  Баяндамалардың тақырыбы азаматтардың құқықтарын қорғау, есірткі қылмыстары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы күрес, сот процестеріндегі прокурордың рөлі, көшбасшылық және мемлекеттік қызметтің құндылықтары болды.

Гран-при — Дамира ЕрболатқызыХанболатова,

I орын — Мыңтемір Сержанұлы Мәди,

ІІ орын — Гүлжайна Сүлейменқызы Бейсенова,

ІІІ орын — Әсел Ердаханқызы Ошақбай.

Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін және олардың аудитория алдында сенімді сөйлей білуін атап өтті.  Байқау болашақ прокурорлардың кәсіби қалыптасуы мен құқықтық мәдениетін дамытудың маңызды кезеңіне айналды.