Қазақстан заңгерлер одағы Академия өкілінің еңбегін атап өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Сәкен Абдулламен кездесу өтті.

Сапар барысында қонақтар заңгерлік білім беруді дамыту, кадрларды кәсіби даярлау және қоғамда құқықтық мәдениетті нығайту мәселелерін талқылады.  Заңдылық пен әділеттілік құндылықтарын ілгерілетудегі құқықтық қоғамдастықтың маңыздылығына, сондай-ақ Академияның құқық қорғау жүйесі үшін жоғары білікті мамандар даярлаудың негізгі алаңы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Академияның бірінші проректоры Қалиолла Сейтеновке заң ғылымын дамытуға, білім беру процесін жетілдіруге және еліміздің құқық қорғау жүйесі үшін кәсіби кадрлар даярлауға қосқан көпжылдық үлесін мойындау ретінде «Қазақстанның құрметті заңгері» төсбелгісі табыс етілді.