Академия магистранттары Тайтөбе ауылының оқушыларымен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары 2025 жылғы 17 қазанда Тайтөбе ауылының орта мектебінің оқушыларымен құқықтық түсіндіру кездесуін өткізді.  «Заңды біл — құқығыңды қорға!»акциясының бастамашысы — Академияның 3-Институты.

7-8 сынып оқушылары үшін ҚҚМ-11 тобының магистранттары тақырыптық бағдарлама дайындады, оның барысында жастар үшін өзекті болып отырған буллингтің психикалық денсаулыққа әсері, құмар ойындар мен «доппинг» деп аталатын қауіп-қатерлер, сондай-ақ есірткі заттарының қауіптілігі және есірткі қойындысын тарату мәселелері талқыланды. Талқылау қолжетімді форматта, нақты өмірден мысалдар келтіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алуға баса назар аударылды.

Интерактивті форматтарға ерекше назар аударылды: оқушылар ойын тапсырмаларына қатысып, тақырыптық бейнероликтерді көрді, бұл кездесуді көрнекі етіп, материалды жақсы меңгеруге мүмкіндік берді. Іс-шараға 120-дан астам оқушы жиналды, қатысушылар белсенді қызығушылық тудырды.

Академия білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту және осындай профилактикалық іс-шаралардың форматын кеңейту арқылы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады.