Ұрпақтар диалогы: жас прокурорлар Бас прокуратура өкілдерімен кездесті

Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларының Бас прокуратура қызметкерлерімен олардың кәсіби бейімделуі мен құндылық бағдарларын қалыптастыру мәселелеріне арналған кездесуі өтті.

Іс-шараға Кадрлық жұмыс департаменті басшысының орынбасары Айбар Ілияс және Департамент басқармасының басшысы Ернұр Уәли қатысты. Спикерлер жоғары моральдық және этикалық стандарттарды тәрбиелеуге, сыбайлас жемқорлыққа және билікті асыра пайдалануға жол бермеуге бағытталған «Адал азамат» қағидатын іске асыру туралы айтып, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының мемлекет қызметінің және қоғамға қызмет етудің негізі ретіндегі маңызын атап өтті.

Академияда тұрақты негізде өткізілетін осындай кездесулер прокуратураның орталық аппаратының өкілдері мен болашақ мамандар арасында ашық диалог алаңын жасайды, кәсіби миссияны түсінуге және прокуратура органдарының кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Соңында қатысушылар прокурорлық қызметтің практикалық аспектілерін талқылап, тәжірибелі мамандардан өзекті сұрақтарға жауаптар мен құнды ұсыныстар алды, бұл олардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды қадам болды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz