«60 секунд» зияткерлік ойыны: Академия болашақ прокурорлардың кәсіби құзыреттерін дамытады

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан тыңдаушылардың кәсіби және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған «60 секунд» зияткерлік ойыны өтті.

Бес команда эрудиция және ойлау жылдамдығы бойынша жарысып, прокурорлық қадағалау және қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы білімдерін көрсетті. Интерактивті формат теориялық білімді жүйелеудің және оны практикада қолданудың тиімді құралына ғана емес, сонымен қатар дәлелді ұстаным дағдыларын, командалық өзара іс-қимылды және жылдам шешім қабылдауды жаттықтыру алаңына айналды.

Ойын қорытындысы бойынша 5-ші взводтың командасы – «Dictum Factum» жеңімпаз деп танылды. Мұндай іс-шараларды өткізу Академияның білім беру процесінің маңызды бөлігі болып табылады және прокуратура органдарында табысты кәсіби қызмет үшін қажетті негізгі құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz