Ғылыми даму мектебі курсы сәтті аяқталды

2025 жылғы 15 қазанда Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтында Ғылыми даму мектебі шеңберінде «Ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемесі» курсы бойынша оқуын аяқтаған 2-Институт қызметкерлеріне сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Тыңдаушылар ғылыми-зерттеу қызметінің деңгейін арттырды, ғылым саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды зерделеді, қолданбалы және іргелі зерттеулерді жоспарлау мен жүргізудің жаңа дағдыларын меңгерді, сондай-ақ алынған нәтижелерге сыни баға беруді үйренді.

Зерттеу құзыреттерін дамытуға, академиялық коммуникацияны жетілдіруге және ғылыми тәжірибеге инновациялық тәсілдерді енгізуге ерекше назар аударылды.

Сабақты ғылыми және педагогикалық жұмыста айтарлықтай тәжірибесі бар Академияның жетекші оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері жүргізді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz