Оқу құралын құру

2025 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты базасында Ғылыми даму мектебінің «Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі» курсы аясында сабақ өтті. 

Сабақтың тақырыбы «Оқу құралын құру».

Дәрісті Институттың жетекші ғылыми қызметкері Т.Г.Маханов жүргізді.

Сабақ барысында тыңдаушылар оқу құралын дайындаудың негізгі кезеңдері – тақырыпты таңдау мен құрылымын қалыптастырудан бастап авторлық стиль, рецензиялау және жариялау мәселелеріне дейін қарастырды.

Оқу материалдарын дайындау кезіндегі қателіктерге, сондай-ақ жоспарлаудың практикалық құралдарына және әдістемелік бөлімдерді рәсімдеу бойынша ұсыныстарға ерекше назар аударылды. Қатысушылар өздерінің ғылыми және оқу жұмыстарының сапасын арттыруға көмектесетін құнды кеңестер алды.

Алынған білім мен дағдылар ғылыми қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін терең меңгеруге, академиялық жазуды жетілдіруге, ғылыми және оқу басылымдарын өз бетінше дайындауға қажетті құзыреттерді дамытуға бағытталған «Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі» курсының маңызды бөлігі болады.