2025 жылғы 1 және 8 қазанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми даму мектебінің базасында «Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі» курсы аясында «Заңды дефиницияларды қалыптастыру әдістемесі» және «Аналитикалық дефиницияларды құрудың практикалық тәсілдері» тақырыптарында сабақ өтті.
Сабақты Академия Орталығының бастығы Станислав Жижис жүргізді. Талқылау барысында тыңдаушылар доктриналық тәсілдер мен заңды дефиницияны әзірлеудің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қарастырды. Нормативтік анықтамаларды жасауда дәлелділік, құқықтық дәлдік, терминологиялық сауаттылық және логикалық үйлесімділік талаптарына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қатысушылар «Жеке өмірге қол сұғылмаушылық» ұғымын қоса алғанда, аналитикалық дефиницияларды қалыптастырудың практикалық мысалдарын талқылады. Оқытудың мұндай формасы ғылыми ойлауды дамытуға, аналитикалық дағдыларды нығайтуға және Академиядағы зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға ықпал етеді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz


