Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Бас әскери прокуратураның жас қызметкерлеріне арналған бір айлық кәсіби дайындық курстары басталды. Бағдарлама прокуратура органдарының кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде ұйымдастырылған.
Оқыту әскери прокурорлардың күнделікті жұмысына қажетті базалық білім, біліктілік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Бір ай бойы тыңдаушылар дәріс сабақтары, тренингтер мен іскерлік ойындарды қамтитын теориялық және практикалық дайындықтан өтеді. Әскери саладағы заңнаманы қолданудың практикалық дағдыларын пысықтауға ерекше назар аударылды.
Сабаққа Академияның оқытушылары, Бас әскери прокуратураның өкілдері және айтарлықтай қызмет тәжірибесі бар практикалық әскери прокурорлар тартылды.
Оқытудың нәтижесі тыңдаушылардың мықты кәсіби базасын қалыптастыру болмақ. Жас қызметкерлер құқықтық талдау, нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, іс жүргізу құжаттарын жасау және ресми хат алмасу дағдыларын меңгереді, бұл оларға қызметтік міндеттерін тиімді орындауға және әскери прокуратура органдарындағы мансабын сенімді бастауға мүмкіндік береді.


