2025 жылғы 1-2 қазан аралығында Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисімен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура қызметкерлері үшін оныншы өңірлік семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушылар осы санаттағы қылмыстарды тергеуге байланысты заманауи сын-тегеуріндерді талқылады. Сарапшылар құрбандардың құқықтарын қорғау басымдық болып табылатын құрбандарға бағытталған тәсілдің маңыздылығын, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың қажеттілігін атап өтті.
Тренинг бағдарламасы қылмыстық қудалаудың барлық сатыларында тергеудің заманауи әдістемелерін, сот процесінің тактикасын және қадағалауды ұйымдастыру мәселелерін зерделеуді қамтыды. Екі күн бойы прокурорлар тергеудің инновациялық әдістерін қолдану және сотта айыптау стратегиясын құру бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.
Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша арнайы курстар мен семинарлар өткізу прокурорларды даярлауда және осы проблеманы шешудің бірыңғай тәсілін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Академия кәсіби стандарттарды нығайтуға және адам құқықтарын қорғауға бағытталған осындай бағдарламаларды дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz


