Құқық қорғау органдары академиясында «Қазақстан прокуратурасы органдарындағы гендерлік-бағдарланған кадр саясаты» тақырыбында екі күндік тренинг өтті. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесімен және Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараға барлық аумақтық және оларға теңестірілген прокуратуралардың кадр қызметтерінің өкілдері жиналды.
Тренингтің ашылуына Академия проректоры Маралбек Ешімов, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Юрий Фенопетов, Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің басқарма бастығы Ернұр Уәли қатысты.
Тренинг бағдарламасы көптеген өзекті тақырыптарды қамтыды: гендерлік теңдік саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттар, персоналды басқарудың гендерлік-бағдарланған құралдары, әйелдер көшбасшылығын дамыту және прокуратура органдарында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша кешенді стратегия әзірлеу.
Қазақстан прокуратурасы органдары жұмысының ерекшеліктеріне бейімделген гендерлік саясатты енгізудің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.
Спикерлер мен тренерлер ретінде жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылар, соның ішінде Бас прокуратураның, Құқық қорғау органдары академиясының және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің өкілдері сөз сөйледі.
Академия проректоры Маралбек Ешімов тренингтің ашылуында атап өткендей, заңдылық пен құқықтық тәртіптің қорғаны болып отырған прокуратура органдары үшін кадр саясатына гендерлік-сезімтал тәсілдерді енгізу – бұл халықаралық трендтерге ілесу ғана емес, бұл – өмірлік қажеттілік. Бұл біздің жұмысымыздың тиімділігін арттыруға, қоғам сенімін нығайтуға және шын мәнінде құқықтық мемлекет құруға апаратын тура жол.
Тренингке қатысушылар алынған ақпараттың жоғары практикалық маңыздылығын атап өтіп, әділетті әрі инклюзивті жүйе құру үшін жаңа білімдерін күнделікті жұмыстарында қолдануға дайын екендіктерін білдірді.
Бұл іс-шара кадр қызметтеріне арналған екінші мамандандырылған тренинг болып табылатынын атап өту керек. Атап айтқанда 2024 жылы құқық қорғау, арнаулы және сот органдарының орталық аппараттарының кадр бөлімшелеріне арналған бағдарлама өткен болатын. 2025 жылы тренинг форматы кеңейтілді, бұл «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасының тиімділігін арттыру жолындағы әділ және гендерлік теңгерімді кадр саясатының стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz






