Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры лауазымына Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров тағайындалды.

Нұрғалым Мәжитұлы 1967 жылы дүниеге келген. 1991 жылы  «Құқықтану» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Қарағанды қаласы Совет ауданы прокуратурасының тергеушісі қызметінен бастаған.

Бірнеше жыл Бас прокуратураның бірнеше бөлімшесінің басшысы болып жұмыс істеді, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарының прокуратураларын басқарды.

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шеніне ие.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz