Академия Ресей Федерациясының Красноярск қаласында өткен ХЖИ Кеңесінің отырысына қатысты

2025 жылғы 30 қыркүйекте Ресей Федерациясының Красноярск қаласында Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық олимпиаданың финалдық аптасы аясында Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Халықаралық желілік институт кеңесінің 23-отырысы өтті.

Отырысқа ТМД елдері мен алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындары мен халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын ректор Марат Сексембаев таныстырып, Академияның экономикалық қылмыстар мен терроризмге қарсы күрес саласындағы кадрларды даярлау жөніндегі қызметінің басым бағыттары туралы баяндама жасады.

Өз сөзінде ол қаржылық қауіпсіздікке төнетін қатерлер қазіргі заманның елеулі сын-қатері болып табылатынын және оларға бірлесе күш-жігер жұмсау арқылы ғана төтеп беруге болатынын атап өтті. М. Сексембаев 2017 жылы Академия базасында құрылған Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хабтың жұмысына ерекше назар аударды.  8 жыл ішінде бұл білім беру алаңында 8 мыңнан астам қазақстандық және 22 елден 900-ге жуық шетелдік маман білім алды.

М. Сексембаевтың баяндамасы Кеңес қатысушыларының қызығушылығын тудырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және білікті мамандарды даярлау ісіндегі қазақстандық тәжірибенің маңыздылығын атап өтті.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz